байланыс
үміткерлерге
DNT компаниясы жобалау саласында 2005 жылдан бері жұмыс істейді. 20 жылдық табысты жұмыс — бұл тұрақтылықтың, дағдарысқа қарсы тұра алуымыздың және қызметкерлер мен тапсырыс берушілердің сенімінің дәлелі.
Бізде I санатты лицензия бар және құрамда үлкен тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Олар жас мамандарға білім беруге дайын. DNT — Қазақстанда BIM жобалауды алғаш енгізген компаниялардың бірі. Біз алғашқы Revit жобасын 2017 жылы жасадық.
DNT қатарына қосылғыңыз келе ме? Өз түйіндемеңізді және ақпаратыңызды hr@dnt.kz поштасына жіберіңіз.
студенттерге
Біздің үлкен командамыз колледждер мен ЖОО студенттерін өндірістік немесе диплом алдындағы тәжірибеден өтуге шақырады. Жастарға қолдау көрсету — болашаққа инвестиция деп білеміз.
Біз — нақты жобалармен жұмыс істейтін кәсіпқой командамыз және білімімізбен, тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз. Практика барысында студенттер заманауи бағдарламалармен танысып, жұмыс процестеріне қатысады.
Кей жағдайда, үздік студенттерге бізбен жұмыс істеуге ұсыныс береміз.
