Ізденушiлер үшiн

НЕЛІКТЕН БІЗДЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ ТИІМДІ?

ТҰРАҚТЫ КОМПАНИЯ — ТҰРАҚТЫ БОЛАШАҚ

Біздің компания 2005 жылдан бастап жобалау нарығында. 

Компанияның 16 жылдық жетістігі көп нәрсені көрсетеді: бұл – компаниядағы тұрақтылық, дағдарысқа төзімділік, тұрақты қызметкерлер пен ризашылық білдірген тапсырыс берушілер тарапынан өзара құрмет.

Ертеңгі күнге деген сенім – бұл жай сөз емес, бұл бізді басқа компаниялардан ерекшелендіреді.

КӘСІБИ ӨСУ

DNT жобалау компаниясының I санатты лицензиясы бар. Бізде өз білгенін жас ұрпаққа беруге дайын көп жылдық тәжірибесі бар кәсіпқой мамандар жұмыс істейді.

Біз BIM-жобалауды алғашқылардың бірі болып игердік. 2017 жылы Revit бағдарламасындағы алғашқы нысан жобаланды.

ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР

Біз әрқашан жалақыны уақытында төлейміз және барлық қызметкерімізге ақылы еңбек демалысы беріледі. Біз үшін бұл норма. Бұл біздің корпоративтік мәдениетіміздің бір бөлігі.

БОНУС

Сіз күткен ақшаның бар екенін білу – бұл өте маңызды. Жалақы – компаниямыздың әрбір қызметкері сүйенетін материалдық тұрақтылық. Ал бонустар – бұл сіздің жеке жетістіктеріңіз және сіз жұмыс істейтін команданың жетістігі.

ДОСТЫҚ АХУАЛ

DNT компаниясы қызметкерлерінің саны шамамен 170 адамды құрайды. Компания ұжымы — ұйымшыл, тату команда.

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҮШІН ТЕГІН ҰСЫНАМЫЗ:
  • Ағылшын тілі
  • Йога
  • Кроссфит
  • Біліктілікті арттыру курстары
  • Экскурсиялар
  • Табиғатқа бірлескен сапарлар

DNT КОМПАНИЯСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕГІҢІЗ КЕЛЕДІ МЕ?

Өзіңіз туралы ақпаратты және түйіндемені мына поштаға hr@dnt.kz жіберіңіз.

Call Now Button