Қызметтер

DNT жобалау компаниясы құрылыстың барлық саласында жобаларды жобалау және қолдау қызметінің толық кешенін орындайды, сондай-ақ сәулет объектілерін 3D-модельдеу және дизайны бойынша 3D-визуализация студиясының қызметін ұсынады.


Дворец школьников в Наурызбайском районе г.Алматы, концептуальный проект
КОНЦЕПТУАЛДЫ ЖОБА

Концепция негізгі сәулет-жоспарлау және құрылымдық шешімдерді көрсетеді және ғимараттың отыруын, оның өлшемін, бағдары мен қабатын, негізгі сипаттамасын, ішкі инфрақұрылымын көрсетеді.


Жилой комплекс "Hyde Park" в г.Алматы, Эскизный проект
ЭСКИЗДІ ЖОБА

Эскизді жобаны әзірлеу кезінде болашақ объектінің бейнесі жасалады, ғимараттың түс шешімдері, оның пішіні, қасбеті, сәулеттік стилі, үй-жай жиынтығы мен алаңы, негізгі құрылыс материалдары айқындалады.


Рабочий проект
ЖҰМЫС ЖОБАСЫИнженерлiк желiлердi жобалау

Жұмыс жобасы мемлекеттік нормаларға, ережелерге және стандарттарға сәйкес жасалған жұмыс сызбасының жиынтығы және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін негіз болып саналады.


ИНЖЕНЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІ ЖОБАЛАУ

Инженерлік желілерді жобалау әртүрлі мақсаттағы объектілерді салудағы маңызды кезең болып саналады. Ғимарат пен құрылыстың одан әрі үздіксіз жұмыс істеуі осы кезеңдегі есептеулердің дұрыстығына байланысты.


Благоустройство территории частного дома в г.Алматы
АБАТТАНДЫРУ ЖОБАСЫ

Абаттандыру жобасы инженерлік жүйелердің орналасуын, жолдың, ағаштардың, көгал мен гүлзардың орналасуын, жайлы және тартымды ортаны қалыптастыру үшін шағын сәулет формалары мен сәндік элементтерді пайдалануды анықтайды.


Алматыдағы кеңсе, интерьер дизайны
ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ

Интерьер дизайны — бұл объектінің, тұрғын үй кешенінің, бизнес-орталықтың, үйдің немесе тұрғын емес үй-жайдың ішкі кеңістігін ондағы жайлы және эстетикалық ортаны құру үшін сәулеттік-көркемдік жобалау.


Алматыдағы бизнес орталығы
СӘУЛЕТТІК 3D-ВИЗУАЛИЗАЦИЯ

Сәулеттік 3D-визуализация — бұл үш өлшемді модельге негізделген сурет, оның көмегімен кез-келген сәулет жобасының нақты өмірде қалай болатынын көрсетеді.


ОБЪЕКТІНІҢ VR-КӨРСЕТІЛІМІ

Жобалауда анимациялық бейне тізбегін (бейне ролик), виртуалды тур және 360° панорама жасау қызметінің негізгі мақсаты – Тапсырыс берушіге жобаланған объект үшін жарнама материалдарын жасау.


ҚҰРЫЛЫС КОНСТРУКЦИЯСЫН ЕСЕПТЕУ

Құрылыс конструкциясын есептеу ғимарат пен құрылысты жобалаудағы маңызды қадам және құрылыс материалдарының шығынына және ғимараттың одан әрі қауіпсіздігіне әсер етеді.


STRAP БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАСЫ

DNT жобалау компаниясы Қазақстанда және Орталық Азияның басқа да елдерінде STRAP құрылыс конструкциясын есептеуге арналған бағдарламалық жасақтаманы ресми жеткізуші.


ЖОБАНЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

DNT компаниясы қажетті бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын жинау және бейінді инстанция мен ұйымдарда келісім алу кезінде жобаны қолдау қызметін ұсынады.


АВТОРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУ

Авторлық қадағалау — бұл пайдалануға берілетін объектінің сәулет, құрылыс, инженерлік және басқа да техникалық шешімдерінің Тапсырыс беруші бекіткен жобалау құжаттамасына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шара кешені.

Call Now Button