DNT компаниясы — Қазақстандағы 1-санатты жобалау лицензиясы бар жетекші жобалау ұйым.
Жобалау нарығында «DNT» компаниясы 2005 жылдан бері жұмыс істейді. Біз Алматы және Нұр-Сұлтан (Астана) қалаларында 4 млн.шаршы метрден астам алаңдарды жобаладық.
Жобаның барлық бөлімі компанияның өз күшімен жасалады, бұл аралас бөлімдердің үйлесімді жұмысына кепілдік береді және жұмыстың сапасы мен жылдамдығын едәуір арттырады.
Біз құрылыстың және қайта құрудың кез келген түрі үшін жобаларды жобалау және қолдау саласында қызметтің толық кешенін ұсынамыз.
Меншікті 3D-визуализация студиясы бізге архитектура нысандарын халықаралық деңгейде және қысқа мерзімде визуализациялау және 3D-модельдеу жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді.
Компания құрамындағы интерьер дизайны студиясы тұрғын және қоғамдық ғимарат интерьерінің дизайн-жобасын әзірлеу қызметін ұсынады.
Құрылыс конструкциясын есептеуді мамандарымыз STRAP бағдарламалық кешенінде жүргізеді. Мамандарымыз әрбір торапты мұқият назарға алады, ғимарат құрылымын нығайтудың ең сенімді және үнемді әдісін таңдайды. Еурокодты басшылыққа ала отырып және STRAP бағдарламасында есептеу арқылы арматура шығынын айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге болады.
Наши инженеры-конструкБіздің инженер-конструкторлар құрылыстың жоғары дәлдігіне, ғимарат пен құрылыстың қауіпсіздігіне және конструкцияларды салу кезінде құрылыс салушының ақшалай қаражатын үнемдеуге кепілдік береді.торы гарантируют высокую точность конструктивного расчета, безопасность зданий и сооружений и экономию денежных средств застройщика при строительстве конструкций.
DNT жобалау компаниясы Қазақстанда және Орталық Азияның басқа да елдерінде STRAP құрылыс конструкциясын есептеуге арналған бағдарламалық жасақтаманы ресми жеткізуші.
2016 жылдан бастап мамандарымыз жобалау саласында кеңінен танымал, ғимараттарды ақпараттық модельдеу (BIM-технологиясы, Building Information Modeling) қағидатын іске асыратын Revit бағдарламалық кешенін қолданады.
Бұл бізге жобалау жұмыстарын халықаралық деңгейде орындауға, жұмысты жоғары сапада атқаруға, ықтимал жобалау қателерін толығымен жоюға, сондай-ақ жобалау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді.
BIM-жобалау жобалау мерзімін 20% қысқартуға және құрылыс бағасын 30% төмендетуге мүмкіндік береді.
Розыбакиев к-сі, 43/1 (4-қабат)
Алматы қ., 050002
Қазақстан Республикасы
+7 727 341–08–95, +7 708 971-51-51
dnt@dnt.kz